Бинарлық оппозиция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бинарлық оппозиция (лат. binarius - қос) - XX ғ. мәдениетінде әмбебапты қолданылған әлемді тану құралдарының бірі. Қоршаған әлем екіжақты — ең алдымен физиологиялық себептерімен айқындалады: адамның миы әртүрлі функциялар атқаратын қос жарты шарларда тұрады, адамда екі көз, екі қүлақ, екі қол және аяқ бар. XX ғ. фонологиясы бинарлық оппозиция барлық құрылымдық гуманитарлық зерттеулерде қолданылады (С.Н. Трубецкой). Бинарлық оппозиция әлемсуретін сипаттағанда ұтымды танымдық құралға айналады: өмір — өлім, оң — сол, жақын — алыс, осында — онда, бақыт — бақытсыздық, жақсы — жаман, өткен шақ — болашақ, биік — аласа. Бұл тізбектің он, жағы теріс, сол жағы дұрыс деп белгіленген. Күнделікті өмірде де «болады — болмайды», «жарайды — жарамайды», «тиым салынған — рұхсат» тәрізді бинарлық оппозицияларды жиі қолданамыз (модальдылықтар). Бинарлық оппозиция тетіктерін қарастырғанда оппозицияның шеткі мүшелерін дәнекерлендіретін медиация ұғымы маңызды рол атқарады. Фонологияда бейтараптандыру және сингармонизация тетіктері әрекет етеді. Егер бірдеңеге тыйым салынса, ал әлдене міндетті болса, онда оған рұхсат берілген, яғни міндетті емес, әрі тыйым салынбаған. Егер белгілі және айқындалмаган бар болса, онда ойдағы да — белгілі, алайда ашық емес. Бинарлық оппозиция тақпақ ырғақтарынан биологиялық және мәдени ритмдерге дейін қолданыс табады. Осыдан зерттеушілер кең мағынасында билингвизмнің маңызын атап өтті. Әлемді біз толық түсіне алмаймыз, бірақ ол оған деген көзқарастарды бинарлық толықтырулар арқылы есесі қайырылады. Ю.М. Лотманның мәдениеттану саласындағы концепциясы осыған негізделген.

<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бинарлық оппозиция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}