Бинарлық атаужүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бинарлық атаужүйе. Ботаникада, зоологияда және палеонтологияда: жан-жануар, жәндік және өсімдік түрлерін атаудың халықаралық дәрежеде келісілген ережесі; бүл ережеге сәйкес, латын тілінде рілетін атаулар жүйесі екі басты бөліктен, бір қосалқы бөліктен тұрады; басты бөліктің біріншісі — қаралып отырған биологиялықтүрді өз құрамына кіргізетін тек атауы, ол зат есім түрінде беріледі; басты бөліктің екінші бөлігі — жаңағы текке кіретін биологиялық түр атауы, яғни көбінесе сын есім түрінде берілетін тірлік эпитет. Биологиялықтүр атауынан кейін әдетге осы атауды алғаш ұсынған яғни аталған түрді алғаш хаттаған ғалымның тегі (фамилиясы) қысқартылған түрде беріледі (бұл да латын әріптерімен).<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}