Бижамал Рамазанова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бижамал Рамазанова (21.6.1927 ж.т., Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы) - қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының кандидаты (1970)
Өмірбаяны
- 1942 жылы Түрген педагогикалық училищесінің қысқа мерзімді курсын бітірген.
- 1959 жылы ҚазПИ-ді бітірген.
- Еңбек жолын 1942 жылы бұрынғы Гвардия ауданының Шанханай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған.
- Қаратал ауданы комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.
- Талдықорған қалалық комсомол комитетінде (1945-1959) лауазымды қызметтер атқарды.
- Талдықорған қалалық, Талдықорған облыстық атқару комитеттерінде лауазымды қызметтер атқарды.
- Алматы облысы партия комитетінде (1959-1963) лауазымды қызметтер атқарды.
- Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Төралқасында (1963-1975) лауазымды қызметтер атқарды.
- республикалық Министірлер Кеңесінде (1975-1982) лауазымды қызметтер атқарды.
- Зейнет демалысына шыққан соң Мәдениет қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру институтында, Алматы жол құрылысы институтында дәріс оқыды.
- Қазір Алматы облысы Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі және Алматы қалалық жастарды патриоттық тәрбиелеу секторын басқарады.
Қоғамдық қызметтері
- 1963–76 жылдары аралығында Азия және Африка елдері ынтымақтастығы Қазақ комитеті төрағасы, Кеңестік ынтымақтастық комитеті төралқасының мүшесі болды.
- 1964-76 жылдары Кеңес әйелдері комитетінің мүшелігіне сайланды.
- Бірнеше рет Кеңес Одағы қоғамдық ұйымдарының Азия және Африка елдеріне делегациясын бастап барып, халықаралық форумдарға қатысты.
Ғылыми жұмыстары
- 4 монографияның авторы.
Марапаттары
2 мәрте "Қызыл Ту" және 2 мәрте "Құрмет белгісі" ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедиясы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2004.</ref>