Бидай қаракүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бидай қаракүйесікүйе саңырауқұлақтары тарататын өсімдік ауруы. Әр түрлі өсімдіктерге қаракүйенің белгілі бір түрі түседі. Бидай мен қара бидайдың қаракүйесі ірі споралардан тұрады. Бидай қаракүйесі астық масақтанып, дән сала бастағанда байқалады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің масақтары тікірейіп, аса иілмейді, реңі қаракүйенің әсерінен ақшыл-сұр, сұрғылт тартып тұрады. Астықты орған кезде, піскен күйе саңырауқұлақтары жарылып, споралары шашылады. Ол бастырылып жатқан дәннің бетіне, жапыраққа келіп қонады. Бидай қаракүйесінің ауру қоздырғышы дәнмен ілесіп, күзде немесе көктемде егілген тұқыммен бірге өне бастайды. Өсіп-өнген бидай қаракүйесі болашақ масақта шоғырланып, дәнді қаракүйеге айналдырып жібереді. Бидай қаракүйесінің қоздырғышы өсімдік қалдықтарында 3 — 4 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Бұл ауруға шалдыққан бидайдың бойы 2 — 3 есе аласа келеді. Ауруды болдырмау үшін бидай тұқымын себер алдында инсектицидтермен өңдеу керек.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бидай қаракүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}