Биберштейн қызғалдағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Биберштейн қызғалдағы немесе Бәйшешек (Үлгі:Lang-la) - Лалагүл тұқымдасының Қызғалдақ туысына жататын көпжылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаттамасы

Биіктігі 15—30 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1—2 см, жұқа қабықты, қара қоңыр, ішкі жағының жоғарғы жәнетүп жағы қалың жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны –2—3, қайырылған, сирек бүктелген, жалаңаш, жиегі кейде кірпікшелі, гүлден аспайды, төменгісі шамалы жалпақтау, сызықша таспа, ені 5—20 мм. Гүлі біреу; гүл серігі сары, ұзындығы 2—3 см, біртіндеп сүйірленген, сыртқыларының сырт жағы күлгін ренді, таспа тәрізді,, ішкілерінен 2 есе жалпақ, ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді, түбі кірпікшелі, ұшы шамалы сақалды; аталығы гүл серігінен 2 есе қысқа; олардың жіптері қалың түкті сақиналы, тозаңдықтары ұзыншақ, жіптерінен 2—3 есе қысқа, ұзындығы 3—4 мм, түйіні аталығынан қысқа, аналық ауызы дерлік орнықты;қорапша ені 1—1,5 см, ұзындығы 1,5—2,5 см, ұшы сүйір. Сәуір —мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанда таралуы. Далалы, шалғынды даланың ойпат жерлерінде, орман алаңқайлары мен шетінде өседі. Жалпы Сырт сілемінде, Тобыл–Есіл, Ақтөбе, Торғай, Мұғалжар, Батыс шоқыларында кездеседі. <ref>"Қазақстанның қызғалдақтары" энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}