Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Бибайша Ілиясқызы Нұрдәулетова (24 шілде 1964, Қызылорда облысы Арал ауданы Мергенсай а. туған) – филология ғылымдарының докторы (2008), профессор (2005). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1987, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- Маңғыстау облысы Құрық кентіндегі орта мектепте мұғалім (1987–1994)
- Атырау педагогика университетінің (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) Ақтау бөлімшесінде (1994–2000) оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2000 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектер
- «Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 40-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 монография мен 4 оқу құралының, 6 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың авторы.