Беттік активтік заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беттік активтік заттар — сұйық пен газдың немесе екі сұйықтың бөліну бетінде адсорбталып, оның беттік керілісін төмендететін заттар. Беттік активтік заттардың молекуласы көбіне зарядты және зарядсыз бөліктен тұрады. Зарядсыз бөлігі көбіне органикалық (көмірсутекті) радикал болады. Беттік активтік заттардың органикалық радикал тізбегі ұзарған сайын беттік активтігі күшейіп, судағы ерігіштігі кемиді. Беттік активтік заттар үш топқа бөлінеді:

  • ионсыз (молекулалық) беттік активтік заттар — электр бейтарап, сулы ортада олар иондарға ыдырамайды;
  • аниондық беттік активтік заттар — молекулалары сулы ортада ионданады, катиондарының активтігі нашар;
  • катиондық беттік активтік заттар — аниондардың активтігі нашар, молекулалары ионданады.

Беттік активтік заттар тоқыма өнеркәсібінде (суландырғыш), ауыл шаруашылығында (зиянкестерге қарсы), жуушы заттар, көбіктендіргіш ретінде, эмульсия, көбік және суспензияларды тұрақтандырғыш ретінде, мұнай алуда, полимерлік материалдарды өндіруде, тамақ, медицина, парфюмерлік және т.б. өндірістерде қолданылады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Беттік активтік заттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}