Бетпақдала сылдыршөбі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бетпақдала сылдыршөбі (Sіlene betpakdalensіs) — қалампыр тұқымдасы сылдыршөп туысына жататын көп жылдық, шөлге төзімді шөптесін өсімдік. ШуІле таулары мен Бетпақдаланың тастақты жазықтарында кездеседі. Биіктігі 15 — 35 см. Сабағы түптеніп, көп болып шығады, түбі қатты, шоғырлана өседі. Жапырақтары ланцет тәрізді, ұзындығы 3 — 8 мм, ені 2 мм. Жас өркендері жапырақ қолтығынан дамиды. Гүлдері сабағының ұшында шашақ гүлшоғырын құрайды. Гүл желектері ақ, кейде қызғылт болады, тұқымы арқылы көбейеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, шілденің аяғында, тамызда жемістенеді. Жемісі — қауашақ, қорапшасының ұзындығы 6 — 8 мм. Бетпақдала сылдыршөбі — сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub