Бетпақ
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Түсіндірме сөздіктегі мағынасы — бақытсыз, сорлы қалпында берілген. «— Пәтшағар, бетпақ секеңдемей басылсаңшы,— деп молдекең Гүлсімге зекіп тастады».
Сөз төркінін жүйесі басқа тіл, дәлірек айтсақ парсы тілінен «бетбақ» сөзі парсының «бәдбэхт» тұлғасынан туғанын және соңғыны екі сөзден деп қарап, «бәд» түбірінің мағынасын «жаман, нашар», ал «бәхт»— біздегі «бақыт» сөзінің түпкі төркіні екендігін айтады. Дәл осындай деректі Е. Бекмұхаметов еңбегінен де кездестіреміз («Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері», Алматы, 1977, 47). Мұның бәрін теріс дей алмаймыз. Өйткені, ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде де осы біріккен бұл сөздің алғашқысы (бәд) «бат», «бад» тұлғаларында ұшырасып, «жаман», «нашар» мағынасын беретіндігі және екеуі де, (бат, бад) парсы тілінен ауысқандығы белгіленген. Осыған арқа сүйеп, оның (бетпақтың) түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне өте ертеде ауысқанын заңды деп ұғып, «сөз төркіні парсы тілі» екендігіне сеніп, әңгімені доғаруға да болар еді.
Кейбір түркі тілдерінде, әсіресе, араб, парсы тілдерінің әсері жоқтың қасы тува, қала берді якут тілдерін: де «жаман, нашар» мағыналарын берерліктей, тұлғасы жағынан «бетбақ» сөзіне өте ұқсас тұлғалар табылады. Мысалы тува тілінде «пат» және «бак» сөзінің екеуі де «жаман, нашар» мағыналарын бере алса, якут тілінде: быдьар — жаман (Үлгі:Lang-ru). Осыларды еске алсақ, тіліміздегі «бетбақ» сөзінің төркіні түркі тілдерінің өзі деуге де боларлық. Әсіресе, тува тіліндегі «пат», «бак» сөздері қосарлана айтылып, кейін келе бірігіп кеткендігін теріске шығару да қиын: пат + бак => петбақ => бетпақ. Әрине, сөз төркінін әлі де іздестіре түскен жөн.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>
Бұл негізінен "бетбақтырмау" сөзінен шыққан болуы да мүмкін
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}