Бесқасты жүзік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бесқасты жүзік - жүзік атауы. Үстіңгі жалпақ бетіне бес жерден көз - асыл тас қондырылған бесқасты жүзік қазақы ортада таралған этномәдени мәнге ие, отбасы- некелік салтындағы құдалықта тарту орнында жүретін құдағи жүзіктің сондай-ақ қос бауырдақты жүзіктің, адай жүзіктің ерекше бір түрі болып саналады. Бесқасты жүзіктің алақаны (саусақтың үстінде тұратын дөңгелек бөлігі) үлкен төрт саусақтың үстін жауып тұратындай көлемде болады. Оның астында екі-үш саусаққа қатар киілетін қос бауырдақ орналасады.

ҚР MOM қорындағы қос бауырдақты құдағи жүзік бесқасты етіп күмістен соғылып, алтынмен апталған. Ширатпа, қас кондыру, сіркелеу тәсілдерімен айшықты етіліп жасалған жүзіктің өлшемі 5x7,2 см. Алақаны ортасында дөңгелек көз, оны айнала төрт тарапында жапырақ пішінді кішілеу көздер орнатылған. Көздің айналасы қозамен құрсауланып, ортасына сіркелеу тәсілімен бет-бедер салынып, астына қызыл түсті шыны орнатылған. Алақанның қырына ширатпа салынып сәнделген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бесқасты жүзік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}