Бессаусақты ергежейлі қосаяқ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Бессаусақты ергежейлі қосаяқ (Үлгі:Lang-la) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.


Қазақстанда Солтүстік Балқаш өңірінде кездеседі.

Көбінесе, ұсақ қиыршық тасты шөлдерді мекендейді. Дене тұрқы 5,7 — 6,5 см, салмағы 15 — 17 г. Артқы аяғы бес бармақты, құлағы түтік тәрізді, құйрығы денесінен 2 еседей ұзын. Табанында сүйелді-мүйізді қабат бар. Ін қазып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды. Негізінен өсімдік жапырақтарымен, тұқымымен қоректенеді. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — маусымда ұрғашысы 2 — 4 қосаяқ табады. Қыркүйектің аяғынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons