Бессайыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бессайыс, қазіргі бессайыс — спорттық жарыстың бір түрі. Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрлері енеді: атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, пистолетпен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м). Жарысқа қатысушылардың орны спорттың әр түрінен алған ұпайларының қосындысына байланысты есептеледі. Бессайыс ертедегі Грекияда өткен Олимпия ойындарының бағдарламасына еніп, пентатлон деп аталған. Ол жүгіруден, ұзындыққа секіруден, найза серпуден, диск лақтырудан және күрестен тұрған. Қазіргі Олимпия ойындарының бағдарламасына 1912 ж. енді, дүние жүзі чемпионаттары 1949 жылдан өтіп келеді.

Қазақстанда бессайыс 1955 жылдан дами бастады. 1961 ж. КСРО чемпионатында қазақстандық Б.Сариев пен В. Минеев алғашқы медальдерді жеңіп алды. В. Минеев Токио Олимпиясының чемпионы болды (1964).

КСРО халықтарының 4-спартакиадасында (1967) Қазақстан құрамасы (К.Савитцкий, В.С. Сариев, В. Сватенко) қола, 5-спартакиадада (1971) (В.Сватенко, Ю.Тогобецкий, В.Монахов) күміс, 7-Спартакиадада (Т. Досымбетов, Б.Сычев, Е. Бессонов) қола жүлдегер атанды. КСРО құрама командасының сапында 1970 ж. Францияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ю. Тогобецкий мен В. Монахов, 1994 ж. Жапонияда өткен 12-Азия ойындарында А. Парыгин, Д.Тюрин, О. Ребровтар чемпион атанды. 1996 ж. А. Парыгин Атланта Олимпиясының (АҚШ) чемпионы болды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бессайыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}