Бесжақсы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бесжақсы - қазақтың дәстүрлі мүліктік қатынастарында ерекше мәнге ие сый, тарту, айып жүйесінде оның құрамын анықтайтын ұғым. Ол тоғыз беру салтына қатысты жиі айтылады. Бесжақсы сөзінің өзі ерте кезде ең жоғары, қымбат деген өлшемдік ұғымды білдірген. Үш тоғыздың ішінде бесжақсы болуы шарт. Сол бесжақсыға «жанды тоғыздан» қара нар, емшегі тұтам бие немесе қазанат, «жансыздан» қалы кілем, алмас қылыш не түзумылтық, тәуір киім (қымбат ішік, жібек шапан т.б.) жатады. Бесжақсыны, негізінен, ауқатты, дәулетті рубасылар беретін болған. Бұрынгы игі жақсылар, би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше бағалы дәстүрге негіз болған. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындагы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сыяпат ретінде, құдалар арасында қалыңмал, киіт орнына жүрген. Халық арасындагы жоғары құрмет пен марапат, сый-сыяпаттың ең жоғары түрі де осы бесжақсы дәстүрі арқылы көрсетілген.

Бесжақсыға мыналар жатады:

  1. қара нар;
  2. жүйрік aт;
  3. қалы кілем;
  4. алмас қылыш;
  5. бұлғын ішік.

Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл бұйымдарымен алмастырылады. Бесжақсының өзі 4-5 жылқыға бағаланған. Кейде бесжақсыға «бесжақсы» атанған берен мылтық, берік сауыт, сондай-ақ атан түйе не белі берік, қатепті қара нар енген. Бесжақсы түріне, дәрежесіне қарай бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып үшке бөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәде қатарына жатады. Кейбір өңірлерде «алты жақсы» деген де бар. Бұл дәстүрде бесжақсыға тағы да бір, мысалы, алтын, күміс жамбы, күмістеген ертоқым немесе кісе белбеу сияқты «жақсы» қосылады. Атақты Бөрібай ақынның өлең шумақтарында

Ошақты Құлназарға құн бермексің, 
Алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің... 

- деген жолдар кездеседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бесжақсы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}