Берік Шаханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Берік Шаханұлы (17 мамыр 1941 жылы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – қазақстандық жазушы, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966-70 ж. Жамбыл облысында "Еңбек туы" газетінде, 1970-1973 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1973-89 жылдары "Жазушы" баспасында редактор, аға редактор, 1989-91 жылдары "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер, 1991-96 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында аға референт болып қызмет атқарған. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары.

Шығармалары

Шаханұлының алғашқы әңгімелері "Ақ теке" 1962 жылы "Балдырған" журналында, "Менің ағаларым" 1963 жылы қазіргі "Жас Алаш" газетінде жарияланған. "Ғашықтың тілі" (1973), "Ақ иірім" (1979), "Қаратаудың самалы" (1984), "Ночь в горах" (орыс тілінде, 1987), "Көрген түстей дүние" (1989), "Құса" (1992) атты кітаптары жарық көрді. Шаханұлы Әзірбайжан жазушысы Анардың "Ақ жағалау" атты повесі мен әңгімелер жинағын, нивхы жазушысы В.Сангидің "Қайырлы маусым" романы мен бір топ әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Республикасының құрмет Алтын кітабына есімі жазылған (1980).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалары

Ғашықтың тілі. Әңгімелер.1973; Ақ иірім. Әңгімелер мен повесть.1979; Қаратаудың самалы. Повестер мен әңгімелер. 1984; Ночь в горах.Повестер мен әңгімелер. 1987; Құса.Повестер мен әңгімелер.1991; Көрген түстей дүние. Әңгімелер. 1998.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1992 жылы «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты;
  • 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
  • 2003 жылы «Ерен Еңбегі үшін» мемлекеттік медалі;
  • 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
  • 2008 жылыдың 5 желтоқсанындағы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.
  • Сарысу ауданының Құрметті азаматы атағының иегері.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Базарбаева Дәріжан Төлеубайқызы (марқұм), өнертанушы. Қыздары - Сәуле (1964 жылы туған), Қарлығаш (1965 жылы туған); ұлдары - Бердібек (1969 жылы туған), Қазыбек (1973 жылы туған).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}