Берікқазы Аяуұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берікқазы Аяуұлы Сүлейменов

Семей педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1983), бокс бойынша жаттықтырушы-оқытушы.

1983 жылдан - Семей қаласының №5 БЖСМ бокс бойынша жаттықтырушысы.

1997 жылдан бері - Семей қаласының ООРБЖСМ бокс бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.

Халықаралық санаттағы спорт шебері, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Стамбул, 1994), Мұхаммед Әли атындағы Кубоктың иегері (АҚШ, 1997) Сексембаев Асанды; халықаралық санаттағы спорт шебері, Олимпиада ойындарына қатысушы (Афина, 2004), әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы (АҚШ, 2004), Әлем кубогының қола жүлдегері (2005), Азия чемпионатының қола жүлдегері Рахымжанов Міржанды; ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, кикбоксинг бойынша ҚР бас жаттықтырушысы Смағұлов Қайратты тәрбиелеп шығарған.

Бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2005).

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Сүлейменова Алмагүл Өкенқызы. Ұлы - Кемел (1982 жылы туған); қызы - Әнел (1986 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub