Бершінтөбе (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бершінтөбе — көне қаланың орны. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 — 25 км жерде, Қаратаудың оңтүстік жағында орналасқан. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген. Қала жұртының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 м, ені 40 м. Солтүстік жағындағы орталық қорғанның аумағы 30 м2, биіктігі 4 м. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Бетінен қыш көзелердің, құмыра тұтқасының сынықтары табылған. Тұтқада + таңбасы және өн бойында өрнектер бар. Бұлардың жасалу үлгілеріне қарағанда, қала тұрғындары 4 — 6 ғасырларда өмір сүрген.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}