Береке Көшенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Береке Көшенов (12 маусым, 1949 жыл, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында туған) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Өмірбаяны

  • Әкесі - Ертісбаев Көшен. Шешесі - Ертісбаева Талжан.
  • Қарағанды облысындағы Қарқаралы мал дәрігерлік техникумының мал дәрігерлік факультетін бітірген (1971), ветеринарлық фельдшер.
  • 1966-1967 жылдары - Жаңаарқа ауданы Карл Маркс атындағы кеңшары шопанының көмекшісі.
  • 1968 жылдан Қарағанды облысы Қарқаралы ветеринарлық техникумының студенті.
  • 1971 жылдан - Жаңаарқа ауданы Карл Маркс атындағы кеңшарының №3 бөлімшесінің ветеринарлық санитары.
  • 1972 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар ветеринарлық учаскесінің ветеринарлық фельдшері.
  • 1975 жылдан бері - Т. Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртіс-вокалисі.

Шығармалары

Кітаптары

  • «Әнге ғашық жүрек» (1994)
  • «Көңілімнен ұшады кептер өлең» (1996)
  • «Жырлайды жүрек» (2009)

Мақалалары

  • «Өнердің ақтангері»
  • «Өнер өлкесінің «Жезкиігі»
  • «Киелі өнер шаңырағы»
  • «Күй ғұмыр»
  • «Үлкен дарын иесі»
  • «Төрт бөлмеге сыймаймыз»
  • «Өнердегі өрнек»
  • «Саналы ғұмырын өнерге арнаған, тегінде бар тек қалмайды»

Жетістіктері мен марапаттары

  • Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің (1977) лауреаты
  • Қарағанды облысы әкімінің «Жыл вокалисі» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты;
  • «Алтын қобыз» иегері (2007).
  • Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (2004).
  • Жыл қорытындысы бойынша облыстық мәдениет департаментінің «Өнер тарланы» (2005), «Ең үздік әнші» (2006) номинацияларында жеңімпаз.
  • ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).
  • «Ерен еңбегі үшін» (2009) медалі.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Жаңатаева Ұмсын (1950 ж. т.), Жезқазған қаласындағы №22 орта мектептің мұғалімі.

  • Қыздары - Көшенова Әсем Берекеқызы (1972 ж. т.), Көшенова Ақнұр Берекеқызы (1981 ж. т.);
  • Ұлы - Көшенов Медет Бөрекеұлы (1985 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub