Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бердібек Соқпақбаев.jpg
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>


  • Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949).
  • Нарынқол ауданында мұғалім болды.
  • "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген.
  • "Балдырған" журналында қызмет атқарады.
  • Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70).

Шығармалары

  • "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы
  • "Он алты жасар чемпион" (1951)
  • "Бақыт жолы" (1952)
  • "Алыстағы ауылда" (1953)
  • "Балалық шаққа саяхат" (1960). "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
  • "Дала жұлдызы" (1960)
  • "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965)
  • "Гауһар" (1966) повестерін жазды.
  • "Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.
  • "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958)
  • "Әпенденің айласы" (1960)
  • "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
  • Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub