Бердібек Мықтыбекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бердібек Мықтыбекұлы (1851, қазіргі Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 1914, Жамбыл облысы, Қордай ауданы) - күйші.

Дулат тайпасының Жаныс руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Жасынан күйшілік-домбырашылық жолға түсіп, Байсерке (1841-1906) күйшінің жанына еріп, үлгі алған. Бердібек қүйлері сарын-сазының сыршыл-сезімталдығымен ерекшеленеді. Әсіресе, қүйге арқау болған тақырыбына сай бейнелі үнді дәл тауып, ұрымтал үлгімен жеткізе алатын суреткер. Бердібектің "Асау торы ат", "Боз інген", "Батырдың өлімі", "Жас мерген", "Жігіт" , "Сүлутөр", "Ұлпан", т.б. күйлерінің біразын музыка тарихын зерттеуші Т.Мерғалиев нотаға түсірген. Академик А.Жұбановтың зерттеу еңбектерінде, халық ақыны К.Әзірбаевтың естеліктерінде Бердібек туралы деректер кездеседі. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала