Белсенді сайлау құқығы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Белсендi сайлау құқығы - сайланбалы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға қатысу құқы. Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігінде жынысына, кәсібіне, әл-ауқатына, біліміне, т.б. қарамастан кәмелетке толған азаматтардың барлығы сайлауға қатысу құқын иелене алады. Әйтсе де, Белсендi сайлау құқына қатысты кейбір шектеулер түрі, мысалы, жас ересектігі цензі (Грекияда - 20 жас, Малайзияда, Боливияда, т.б. елдерде - 21 жас), сауаттылық цензі (Тайланд, Кувейт, т.б. елдерде) және тұрғылықтылық цензі (Эстония, Ботсвана, т.б. елдерде) ұшырасады. ҚР конституциясына сәйкес, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, күшіне енген сот үкімі мен бас бостандығынан айыру органдарында жазасын өтеп жүрген адамдардан басқа 18 жастан асқан ер-азаматтардың барлығы Белсендi сайлау құқына ие болады. Олар ел Президентін, Парламент мәжілісінің депутаттарын сайлауға тепе-теңдік негізде қатысып, бір ғана дауысқа ие бола алады. Сайлануға ұсынылған үміткерлердің де Белсендi сайлау құқы бар. Азаматтардың сайлауға қатысу теңдігі, сайлаушылардың тең құқы жөніндегі қағидалар арнаулы заңдарда қарастырылып, олардың Белсендi сайлау құқыларын іске асыруына кедергі келтірушілерге қылмыстық жауапкершілік белгіленген.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}