Белдеулі керуен-сарайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Белдеулі керуен сарайы.jpg
Белдеулі керуен сарайы орны.

Белдеулі (Белбеулі) керуен-сарайыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIV ғасыр археология ескерткіші. Ескерткішті 2005 жылы Маңғыстау МТМҚ ММ қызметкерлері зерттеген.

Орналасқан жері

Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 км солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан.

Сипаты

Сурет:Белдеулі керуен сарайы сызбасы.jpg
Белдеулі керуен сарайы сызбасы.

Керуен-сарайы пішіні дұрыс төрт бұрышты 27×24 м түрінде болып келеді, ұзын осі солтүстік-батыс – оңтүстік-шығыс бағыты бойынша жатыр. Оның болжамды биіктігі 3 м шамасында, ал ұзындығы 7 м. Порталдық арканың пилондарының іргетасы толықтай әкетілген. Сырт қабырғаларының қалыңдығы 1,1 м құрайды.
Сырт қабырғаларының бұрыш пішіні шеңбер түріндегі мұнаралармен көркейтілген. Диаметрі 2 м солтүстік мұнараның іргетасы толық сақталған. Шығыс жақтағы мұнараның құлап қалған қаптауы 4 м ұзындыққа дейін жетеді. Мұнараның ішкі бөлмесі жоқ. Керуен сарайдың ішкі жоспары ішінара іргетас қалдықтарына қарап анықталып, кейде бүкіл құрылыстың орналасу осінің симметриясына сәйкес айна-қатесіз қайталау арқылы қалпына келтірілген. Кіреберістің оң және сол жағында көлемі 5,1×4,2 м және 2,7×4,2 м-лік екі-екіден бөлмелер орналасқан. Оң жақ қанаттағы бөлмелер арасында, сыңайы, ені 1,25 м тас баспалдақ жасалған. Бөлме есіктері сыртқы ауыз есіктің бұрышына таяу қойылған.
Ауласы төрт бұрышты, көлемі 17×14 м болып келеді. Аулаға барлық тұрмыстық және шаруашылық бөлмелердің есіктері қаратылған. солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс қабырғалар бойымен төрт-төрттен кішігірім тұрғын бөлме орналасқан. Құрылымы бойынша бөлме қабырғалары шой-таспен толтырылған тігінен 2 қатар орнатылған әктастың ірі, өңделген жалпақ тастардан қаланған. Есік алдына қараған қабырғасының ені 0,8-0,9 м құрайды. Бөлмелердің орташа көлемі 4,3×3,2 м. Аула жақтан алғанда шығысындағы көлденең қабырға ені 0,8-0,9 м-лік есік жасалған. Артқы қабырғаның ұзына бойына, сірә, шаруашылық мақсатта 1 бөлме салынған. Бұл бөлме ауладан қалыңдығы 1 м қабырғамен бөлінген, оның бір ортаңғы ені 1,25 м дәлізі бар. Аула жақтан кіру, сірә, ені 2,6 м, тереңдігі 0,7 м-лік басыңқы арка арқылы өтсе керек. Ішкі жағынан шығу 0,8×0,4 м мөлшеріндегі 2 тікбұрышты тромппен орындалған. Бөлмелердің ішкі ені 3,3 м құрайды. Керуен-сарайдың солтүстік-шығысындағы 50-60 м жерде кішігірім төбешік үстінде бұзылған шағын құрылыс шойтастарының 5 үйік шоғыры жатыр.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер