Белгісіз жаңа мүрдехана

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Белгісіз жаңа мүрдехана — XV–XVI ғасырларға жататын археологиялық нысан, Түркістан қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде, Әзірет Сұлтан кесенесінен шамамен 52 метр жерде орналасқан жер асты мүрдехана. Ескерткіш теңіз деңгейінен 217 метр биіктікте орналасқан.

Зерттелу тарихы

Құрылыс 1975 жылы жер тегістеу жұмыстары кезінде кездейсоқ табылған. Нысанды алғаш рет архитекторлар А.Н. Проскурин мен Б.Т. Тұяқбаева тіркеп, ойылып қалған оңтүстік-шығыс бұрышын қайта қалпына келтірген. 2000 жылы Түркістан археологиялық экспедициясы (жетекшісі – М. Тұяқбаев) нысанды толық аршып, өлшемдері мен сызбасын түсіріп, ғылыми сипаттама жасаған<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 72 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.

Сипаттамасы

Құрылыстың өлшемдері: солтүстік–шығыс беті – 400 см, оңтүстік–шығыс – 430 см, оңтүстік–батыс – 435 см. Оңтүстік–шығыс бұрышы ауыр техника салмағынан қирағандықтан, ұзындығы 340 см ғана сақталған. Бұл бөлік кейін дөрекі түрде қайта қаланған. Қабырғалар жерден шамамен 68–70 см биіктікке дейін сақталған. Құрылыстың күмбез бөлігі кішірек етіп «Балхи әдісімен» көтерілген, яғни төртбұрышты іргетастан бірте-бірте иіліп, күмбезге айналған. Күмбездің төменгі іргесінің өлшемдері: солтүстік–шығыс беті – 370 см, оңтүстік–шығыс – 360 см, оңтүстік–батыс – 410 см, солтүстік–батыс – 350 см. Қабырға биіктігі – 192 см, ал жалпы биіктігі – шамамен 260 см. Солтүстік–шығыс жағынан ені 70 см, биіктігі 140 см есік аркалы етіп қаланған. Кейіннен ол балшық пен кесекпен жабылып тасталған, бұл өзгеріс ертеректе орын алған деп болжанады<ref name=":0" />.

Мүрдехананың ішкі бөлігіне мәйіттер көмілмей, еден деңгейінен жоғары қабатқа жайғастырылған. Ішкі кеңістік 60–70 см тереңдікке дейін сүйектермен толтырылған, үсті жұқа топырақ қабатымен жабылған. 1975 жылғы тегістеу кезінде нысанның айналасынан көптеген адам сүйектері табылған, кейін арнайы бригада оларды жинап, қайта жерлеген. Зерттеушілер бұл мүрдехананың сондай сүйектер қайта жерленген орындардың бірі болуы мүмкін деп есептейді<ref name=":0" />.

Қазіргі күйі

Мүрдехана үстіне кесене тұрғызылмаған және ол бастапқы жоспарға да енбеген. Құрылыстың үсті топырақпен көміліп, жер бетіне төртқұлақ шағын сағана қаланған<ref name=":0" />.

Нысан бүгінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығынің қорғау аймағында орналасқан және жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштер қатарына енгізілген.

Әдебиеттер

1. Туякбаев М. Новый подземный склеп ХҮІ-ХҮІІ вв. // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Уральск, 2011. №1-2.

2. Белгісіз жаңа сағана, ХҮ-ХҮІ ғғ. // Түркістан өңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер. Алматы, 2016. – 17 б. № 09.

3. Тұяқбаев М. Ескі Түркістан понтеоны // М.Елеуовтың 70 жылдығына арналған конференция материалдары. А., 2016. 191-197 бб.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері