Белгібай Шалабаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Белгібай Шалабаев (17.4.1911, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Далба ауылы – 1990, Алматы қаласы) – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1962). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985).
ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. «Пионер» (1933–1934, қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, ҚазПИ-де (1937–1942; 1944–1949, қазіргі ҚазҰПУ) декан, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында аға ғылым қызметкер, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, доцент, профессор (1949–1987); 1987 жылдан профессор-кеңесші қызметін атқарған.
«История казахской прозы (сюжет и характер)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Ш. «Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы» кітабының «Абай прозасы» тарауында ақынның қарасөздеріне талдау жасайды. Ақынның филос. ойлары мен дүниетанымын сөз етіп, қоғамдық, моральдық-этик. және тұрмыстық маңызын ашып көрсетеді. Ап, «Пушкин және Абай» («Казахстанская правда», 1936, 24 желтоқсан), «Пушкиннен нәр алған» («Казахстанская правда», 1945, 15 тамыз), «Орыс әдебиетінің ұлы алыбы - Пушкин Абайдың ұстазы» (ҚазССР ғылым академиясының хабаршысы», 1950, № 8) т. б. мақалаларында Абайдың А. С. Пушкин өлеңдерін тәржімелеудегі шеберлік әдістерін жан-жақты талдайды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub