Бек Тоғысбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бек Тоғысбаев (10.2.1936 жылы туған, Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылы) - жазушы, драматург.
ҚазҰУ-ды бітірген (1957).
1957 - 58 жылдары Алматы облысындағы "Коммунизм таңы" газетінде әдеби қызметкер, 1958 - 60 жылдары "Жас Алаш", 1964 - 68 жылдары "Қазақ әдебиеті" газеттерінде, Парасат журналында бөлім меңгерушісі, 1969 - 70 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың
орынбасары болып қызмет атқарған.
1970 - 75 жылдары Қазақстан Мәдениет министірлігінде басқарма бастығы, 1975 жылы
Қазақстан Кинематографистер одағында, 1983 - 85 жылдары "Жазушы" баспасында да әр түрлі қызметтер атқарған. "Жаңбырлы күз" (1960), "Үміт" (1963), "Алдыңғы толқын" (1967), "Асыл адам айнымас" (1973), "Намыс" (1982), "Шалғайда" (1986), "Тарихтың ашылмаған беттері" (2001), "Бұрын және бүгін" (2003), "Әкеден ұл туса" (2004), т.б. кітаптары және "Шәкәрім Қажының қазасы" пьесалар жинағы жарық көрді.
Шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. "Ақын Сара", "Алтыннан ардақты", "Намыс", "Түңгі от" атты пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. Құрмет грамотасымен,"Ерен еңбегі үшін" медалімен (2000) марапатталған. Халықар. "Алаш" әдеби сыйлық лауреаты (2003).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}