Бекмұрат Уақатов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Уақатов Бекмұрат (29.11.1932, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Қорт а. – 20.12.1984, Алматы қ.) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1975).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және осы университеттің аспирантурасын (1957) бітірген.
- «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында (1957–58)
- Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер (1958–82), бөлім меңгерушісі (1982–84) қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
- «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Уақатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне («Жоғары кластарда көркем шығарманы талдау», 1965; «Таланттар, туындылар», 1969; «Қазақтың халық өлеңдері», 1974; «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы», 1983, т.б.) арналған.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
Сілтемелер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}