Бекмырза Қайыпұлы Еламанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекмырза Қайыпұлы Еламанов (1 қаңтар, 1950 жыл, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қорқыт стансасы) - Қармақшы ауданының әкімі (1995-2001), Жаңақорған ауданының әкімі (2008 жылдан бері).
Өмірбаяны
- Әкесі - Еламанов Қайып, теміржолшы болған. Анасы - Еламанова Зағи, үй шаруасымен айналысқан.
- Алматы мал дәрігерлік институтының зоотехника факультетін (1974) ғалым-зоотехник мамандығы бойынша;
- Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар институтының экономика факультетін (2000) экономист мамандығы бойынша бітірген.
- 1966-1969 жылдары - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жусалы кентіндегі №149 АКТУ слесары.
- 1974 жылдан - Қармақшы ұжымшаралық бордақылау алаңшасының зоотехнигі, бас зоотехнигі.
- 1976 жылдан - Қармақшы аудандық ауылшарбірлестігінің бригадирі, бас зоотехнигі.
- 1981 жылдан - Қармақшы ауданының «III Интернационал» ұжымшары бордақылау алаңының бригадирі.
- 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясының Қармақшы аудандық комитетінің нұсқаушысы.
- 1984 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының Қармақшы комитетінің хатшысы.
- 1987 жылдан - Қармақшы аудандық «Қуаңдария» кеңшарының директоры.
- 1990-1992 жылдары - Қармақшы аудандық Халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары.
- 1994 жылдан - «III Интернационал» ұжымшарының төрағасы.
- 1995 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.
- 2001 жылдан - «Шапағат Лимитед» ЖШС директоры.
- 2004 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
- 2008 жылдың тамызынан - Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
- 2008 жылдың қарашасынан бері - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі.
Атақтары мен шендері
Әскери атағы - запастағы подполковник.
Марапаттары
- «Құрмет» (2007) ордені;
- «Астана» (2001),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Еламанова Венера Әбілқасымқызы, зейнеткер.
- Ұлдары - Еламанов Жаңалық Бекмырзаұлы, Еламанов Жасұлан Бекмырзаұлы, Еламанов Нұрлан Бекмырзаұлы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub