Беккер и к

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Беккер и К" бірлескен қазақ-герман кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында 1991 жылдың бас кезінде құрылды.<ref>http://www.becker.kz/kaz/index.php?p=vacancy</ref> Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі компнаияға № 6 тіркеу куәлігін берді.

Компания туралы

Ұйымдастырылу тарихы 1991 жылы "Беккер и К" ЖШС-не Алматы қаласында Розыбакиев көшесі мен Сәтпаев көшесінің қиылысында әкімшілік және өндірістік ғимараттар кешенінің құрылысын салуға аумағы 0,78 га жер бөлінді. Құрылыс 1992 жылы басталып, 1994 жылы кешеннің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Бірінші кезек алаңы 3800 м2 болып, онда кеңсе, сыра зауыты, «Пруссия» мейрамханасы және шұжық цехы орналасты. 1994 жылдың аяқ кезінде сыра зауыты іске қосылды. 1995 жылғы қаңтардан бастап «Пруссия» мейрамханасы, ал 1996 жылғы сәуірден бастап – шұжық цехы жұмыс істей бастады. 2000 жылы аумағы 3800 м2 екінші кезек кезең-кезеңімен іске қосыла бастады. Қазіргі кезде ғимарат ішінде ет өңдейтін жаңа цех, наубайхана, тоңазытылған жартылай фабрикаттар цехы, аспаздық, супермаркет, «Бистро» кафесі және қызметкерлерге арналған асхана орналасқан. Қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын немесе Германиядан жеткізілетін жоғары сапалы шикізат; осы заманғы технологияларды қолдану; өндірісте санитарлық-гигиеналық талаптардың, шикізат пен дайын өнім сақтаудың қажетті шарттары сақталуының қамтамасыз етілуі; білікті қызметкерлердің болуы – осылардың бәрі өнімнің қауіпсіз және жоғары сапалы болуының, тұтынушылардың қанағаттануының, компанияға адалдығының және компанияның «Экологиялық таза тағам өнімдерін тұтыну дәстүрін сақтау» міндетінің жүзеге асырылуының кепілі. Халықаралық стандарттардың енгізілуі "Беккер и К" ЖШС-ға сапа менеджментінің жүйесін (ISO 9001), экологиялық менеджмент жүйесін (ISO 14001) және тағам өнімі қауіпсіздігінің менеджменті жүйесін (ISO 22000) қамтыған біріктірілген жүйе ендірілген

БҰҰ-ның жаһандық шартына қатысу 2007 жылдың наурыз айында "Беккер и К" ЖШС БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаға хат жолдап, онда компанияның Жаһандық шартқа қосылу және адам құқығын сақтаудың, еңбек қатынастарының, қоршаған ортаны қорғаудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің он қағидатын сақтау және олардың компанияның қызмет саласында таралуына жәрдемдесу ниеті білдірілді. 2007 жылдың сәуірінде компания "Беккер и К" БК ЖШС-нің Жаһандық шартқа қосылғаны және United Nations Global (БҰҰ Жаһандық шартының Бюросы) сайтында тіркелгені туралы ақпарат алды. Әлеуметтік бағдарламаларға қатысу "Беккер и К" ЖШС қызметінің маңызды бағыты – компанияның әлеуметтік бағдарламаларға (халықтың тұрмысы төмен топтарына, мүгедектерге қайырымдылық көмек, демеушілік көмек көрсету) қатысуы (алғыстар айтылған хаттардың көшірмелері қосымшада тіркелген). Компания бірнеше жылдан бері № 2 балалар үйінің, № 1 облыстық балалар үйінің, Талғар қаласындағы Купкиндердің отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Сол мекемелерге мерекелік дастархан ұйымдастыру үшін азық-түлік өнімі, балалар киімдері, пешке жағатын отын беріледі, медициналық қызмет көрсетіледі. 2007 жылы Купкиндердің отбасылық балалар үйінде өрт шығып, тұрғын үйдің төбесі және екінші қабаты жанып кетті. «Беккер» компаниясы үйді қалпына келтіруге қаражат бөлді. Жыл сайын:

Жеңіс мерекесі, көктемгі мерекелер құрметіне, Жаңа Жылда "Беккер и К" компаниясы Бостандық ауданында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне азық-түлік пакеттерін дайындайды. Бостандық ауданының Ардагерлер кеңесіне де саяси қуғын-сүргін құрбандарына көмек көрсету үшін қаржы бөлінеді. Кәсіпорын Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің ерікті қоғамының қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ас беруіне көмек көрсетеді. Параскевин приходының құрылысына қаржы, сондай-ақ шіркеу мерекелерін өткізуге азық-түлік өнімдері 2006 жылдан бері бөлініп келеді. "Беккер и К" компаниясы қазақстандық спорттың дамуына көп көңіл бөлуде. Ол бірнеше жыл бойы Алматы қаласындағы Әуесқойлық бокс федерациясының әріптесі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серікбай Түлейбаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирдің бас демеушісі болды. Компанияның күш-жігері арқасында турнир қазақстандық спорт әлеміндегі жарқын оқиғаға айналды. Ұзақ жылдар бойы компания альпинизмнен Қазақстан құрамасына демеушілік қолдау көрсетіп келеді. Ал 2006 жылдан бастап, жыл сайын өтетін Алматы халықаралық форумның сапа жөніндегі демеушісі және ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

Өнімдер

Пісірілген шұжықтар Пісірілген шұжықтарды қазіргі заманғы технологияны қолдана отырып ең үздік отандық және неміс рецептурасы бойынша өндіреді. Сұрыпталған жаңа салқындатылған еттен жоғарғы, бірінші және екінші сұрыпты шұжықтар дайындайды. Өнім мал шектері, ақуызды және полиамидті қабықшаларда шығарылады. «Беккер және К» ұсынған пісірілген шұжық өнімдерінің бай түрлері 30-ға жетеді, солардың ішінде: «Ветчинная к пиву из свинины», «Любительская», «Молочная», «Московская», «Аппетитная», «Бутербродная». «Докторская» шұжықтары ерекше сұранысқа ие.

Шала ысталған және пісіріліп ысталған шұжықтар «Беккер и К» компаниясы сиыр, шошқа және жылқы етінен дайындалған шала ысталған және пісіріліп ысталған шұжықтың 10-нан аса түрін шығарады. Өндіру барысында отандық және шетелдік үздік тәжірибелер ескеріледі. Бұрыннан сүйікті болған «Сервелат», «Московская», «Таллиннская», «Конская», «Пикантная», «Колбаски охотничьи» сияқты шұжықтар тек жоғары сапалы шикізат, үздік рецептер арқасында ғана емес, сондай-ақ бук ағашының үгінділері мен дәстүрлі немісше ыстаудың есебінен де зор сұранысқа ие болады. Арнайы германдық дәмдеуіштер мен тамаша ыстау шұжықтарға тәбет ашарлық түс пен айрықша хош иіс береді.

Жіңшке шұжық, сарделька және кішкене шұжықтар Жылқы және сиыр етінен дайындалған жіңішке шұжықтар, «Гановерские», «Берлинские», «Конские» сарделькалары, «Лионские» кішкене шұжықтары – сұрыпталған еттен дәмдеуіштер мен татымдылықтар қосып дайындалады. Үздік отандық және неміс рецептурасы, қазіргі заманғы технологиялар, табиғи шикізат, жоғары сапалы татымдылықтар – пайдалы астың кепілі!

Жеңсік ас Шошқа және құс етінен дайындалған жеңсік астар қашанда еуропа асханасының ерекшелігі болған. Карбонад, мойын, сан ет, орамалар, шикі ысталған өнімдерді жоғары сапалы ет шикізатынан табиғи дәмдеуіштер мен татымдылықтар қосып, дәстүрлі неміс технологиясымен дайындайды. Осының арқасында өнім нәзік дәмді және хош иісті болады. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін бүтін кесек түрінде, сондай-ақ порциялық және вакуумды орамда шығарылады.

Жылқы етінен дайындалған жеңсік ас Қазы, жал, жая, сүр-ет, қарта – сұрыпталған жылқы етінен бірегей технологиямен, ұлттық кулинария дәстүрін қолданып дайындалған Беккер ұсынған тамаша дәмді, сөлді және хош иісті жеңсік астар.

Тұшпара Тұшпара біздің бала күннен бергі сүйікті асымыз. Үйдің тұшпарасы ең дәмді, сондықтан Беккер компаниясы үй бикелерінің бұрыннан келе жатқан арманын жүзеге асырып, қолмен желімденген керемет дәмді де тәбет ашарлық «Домашние» тұшпарасын дайындады. Шошқаның төс етінен және сиыр етінен, хош иісті татымдылықтар мен дәмдеуіштер қосып дайындалған тұшпара кез келген дастарқанда және кез келген мерекеде орынды болады. «Беккер және К» компаниясы шығыстық ас талғампаздарын да естен шығарған жоқ, оларға арнап сұрыпталған жылқы, сиыр және қой етінен дайындалған «Восточные» тұшпарасын дайындады.

Варениктер Енді үй бикелері туған-туысқандарының таңғы асын ойлап қиналмайтын болады. Бес минут ішінде сіздің дастарқаныңызға картоп, картоп пен саңырауқұлақ, шие варениктері, ірімшік варениктері, қырыққабат пен тайынша етін қосып қолдан жасалған варениктер дайын болады. Қуырылған пияз немесе үйдің қаймағы қосылған үй варениктерінің таңдаулы дәмінен ләззат алыңыз!

Мәнті Қазақ халқының дарқан қонақжайлылығы баршаға белгілі. Ұлттық дәстүрді ескере отырып, «Беккер и К» компаниясы қой етінен, сондай-ақ пайдалы асқабақ қосып қой етінен мәнті дайындады. Асқабақтың арқасында мәнті сөлді де ерекше дәмді болып шығады! Бірде-бір мереке ең басты – етті тағамсыз болмайды. Қонақтарыңызды тамақтандырып қана қоймай, сонымен қатар таңдандырып та қойыңыз! Беккер ұсынған мәнті – шығыс асханасының тамаша дәстүрі!

Нан және нан өнімдері «Беккер и К» наубайханасы тәулігіне 1,50 тонна дайын өнім өндіреді. Түрлер жинағына 60-тан аса нан, нан өнімдерінің және ұннан жасалған кондитер өнімдерінің түрлері: «Берлинский», «Бородинский», «Ржаной зерновой», «Картофельный», «Зерновой», багеттер, тоқаштар, қатпаршықтар және тағы басқалары кіреді. Өнімнің көп бөлігі классикалық неміс технологиясы бойынша қара бидай ашытқысында табиғи құрауыштар: бидай мен қара бидайдың бүтін дәні, картоп, пияз, жаңғақ және т.б. қоспалар қосылып өндіріледі. Дастарқаныңызға Беккер ұсынған бірегей нанның дәмін және керемет хош иісті, жұмсақ пісірмелерді ұсынамыз!

Сыра «Беккер и К» сыра қайнату зауыты мөлдір және күңгірт «Becker Bier» сырасын өндіреді. Сыра өндіру үшін Германиядан жеткізілетін шикізат (уыт, құлмақ, ашытқы) және су пайдаланылады. «Becker Bier» сырасы «жанды», консервантсыз және пастерленбейді, сондықтан жарамдылық мерзімі 9 тәулік. Сыра дәстүрлі неміс технологиясы бойынша «Kaspar Schulz» фирмасының жинақтық құралымен өндіріледі. Барлық технологиялық үрдістер автоматты түрде жүргізіледі және компьютерлік бақылауда болады. Сыра адамдарды жақындастырады, бос уақытты көңілді өткізеді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарапайым етеді. «BeckerBier» сырасының жақсы бір саптыаяғымен сіз жаңа күш-қуатты сезесіз. Өз өндірісімізде мыңжылдық сыра қайнату дәстүрі мен заманауи неміс технологиясын қолдана отырып балдың ғажайып дәмі бар хош иісті, сергектік беретін сусын аламыз. Егер сіз «BeckerBier» сырасының дәмін татпасаңыз, онда сіз нағыз неміс сырасын ішкен жоқсыз! «BeckerBier» - Германияда қайнататындай сыра!

Мұздатылған жартылай фабрикаттар Беккер ұсынған жартылай фабрикаттар: «Восточные», «Домашние» котлеттері, «Куриные от Беккера» котлеті, Беккер ұсынған самса, тефтели, фрикаделькаларды сиыр, жылқы, қой еттерінен дайындайды. Нәзік, сұрыпталған еттен дайындалған олар сондай үлпілдек және сөлді болады. Кез келген өнім күнделікті дастарқанға да мерекелік дастарқанға да жарайды. Оларды ересектер де, балалар да бірден ұнатып қалады. Бар-жоғы бірнеше минут ішінде, нағыз үйдікіндей болып шығады!

Балалар жүйесі Толыққанды қоректену баланың денсаулығын сақтауға ықпалын тигізеді. «Беккер и К» компаниясы балалар жүйесі ең кішкентай тұтынушыларға арналған. Жоғары сапалы өнім айрықша күтіммен өндірілген және тексерілген жеткізушілерден алынатын, үздік сапалы жас еттен дайындалады. Балаларға биологиялық толыққанды ақуыз, жеңіл сіңетін темір қажет. Сондықтан «Беккер и К» компаниясы балалар тағамына арнап маңызды элементтер ([В1]], В2,В6, В12, С, Е, фолий және пантотенді қышқылдар, сондай-ақ басқа да пайдалы элементтер) қосылған жаңа өнім шығарды: Пісірілген «Детская» шұжығы, «Детская» ветчина шұжығы, «Детские» шүжекендері, «Детские» шұжықандары, «Беккеренок» тұшпарасы. Өнім балалар тағамына арналған азық-түліктердің қауіпсіздік талабына толық сәйкес келеді және 3 жастан асқан балаларға ұсынылады. Ең кішкентайларға – «Беккердің» ең дәмділері!

Құрал-жабдықтар

«Беккер и К» компаниясы келесі құрал-жабдықтарды Германиядан жеткізеді:

  • Медициналық аспаптар және құрал-жабдықтардың барлық түрі, клиникаға арналған толық құрал-жабдықтар, тіспротезі және емдік құрал-жабдықтар; - Жинамалы цехтар мен ғимараттар;
  • Өнімділігі жылына 1000-нан 200000 гектолитрға дейінгі жинақтық сыра қайнату зауыты;
  • Ет өндіру өнеркәсібі үшін жинақтық құрал-жабдық;
  • Жинақтық сойыс цехтары;
  • Пісіруге арналған машиналар мен құрал-жабдықтар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}