Бекет Қарашин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекет Қарашин - 1953 жылы 23 қазанда Атырау облысы, Индер ауданында туған. 1970—1972 жылдары Алматы қаласында құрылыста жұмыс істеген. 1979 жылы ҚазМУ-дің философия-экономика факультетін тамам даған.1979 — 1993 жылдары Қарағанды жоғарғы милиция мектебінде оқытушы болып қызмет етіп, Мәскеуде, Таулы Қарабақта, Жаңа Өзенде тыныштық пен тәртіп сақтау істеріне араласқан. 1983—1986 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының философия және құқық институтының аспирантурасында оқыған. 1993 жылдан Атырау қаласында тұрады. Қазір «Алшы» әдеби-тарихи, мәдени қорының құрылтайшысы, «Наргис» ААҚ Бас директоры, «Атырау-Ақпарат» агенттігінің әдеби қызметкері.

Ақын Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін орысшаға аударып, «Жыр — Жебе» («Стихострелы») деген атпен шығарған. «Бейбарс: эпоха и личность», «Испытание лука и лиры», «Менің Қазақстаным», «Тюрк и Я», «Скиф и Я», «Слова» кітаптарының авторы. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}