Бекбосын Сиқымбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекбосын Сиқымбаев (1870-1959) - шахтер, Қарағанды құрылысының алғашқы екпінділерінің бірі, КСРО-ның кұрметті шахтері (1947).
Өмірбаяны
- Қарағанды шахталарында 1886 жылдан шанашы, ат айдаушы болып істеді.
- Қарағанды көмір кеніндегі шахтерлер ереуілін ұйымдастырышулардың бірі (1903).
- 1916 ж. патша самодержавасына қарсы Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушы.
- 1917-1931 ж. Екібастұздың көмір шахталарында жұмыс істеді.
- 1931-1934 ж. Қарағандының № 12 шахтасында қайлашы.
- 1934-1939 ж. № 31 шахтада тіреуші.
- Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен шахтаға оралды. 1941-1948 ж. тіреуші.
- 1949-1959 ж. № 31 динамит қоймасында күзетші.
Марапаттары
- 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған.
Есте қалдыру
- І. Манкиннің «Бекбосын » атты поэмасы Сиқымбаевтың еңбек және революция қызметіне арналған.
- Сиқымбаев құрметіне Қарағандыда көше аталады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}