Бекарыс Шойбеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын.
Өмірбаяны
- Халықаралық қазақ-түрік университетін (1997), осы университеттің магистратурасын (1999), аспирантурасын (2002) бітірген.
- 1988 жылдан облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып келеді.
- Дүниежүзілік жас түрік жазушылары одағының Қазақстандағы өкілі.
- Қазір Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы.
Жетістіктері
- Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыс
- Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республика айтыс
- Ташкент және Түркістан қалаларында өткен Түркістанның 1500 жылдығына арналған халықараралық айтыстар
- «Ұлытау үні» фестивалі
- 2004 ж. Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы
- Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстың бас жүлдегері.
Марапаттары
- «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі
- Отырар ауданының құрметті азаматы
- Оңтүстік Қазақстан облысының 2004 жылғы ең үздік ақыны.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}