Бейімділік (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеітің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады, мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді. Жас балаларда әрекеттің әр түріне байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділіктен алдамшы, шүбәлі бейімділікті айыра алу керек. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында. Мәселен, осындай бала сабақ үлгіруде қатарындағы балалардан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал бейімділіктің алдамшы түрінде адам іске қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}