Бейнелеу (өнер)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейнелеу (өнер) – (изображение) бізді қоршаған болмысты көркемөнер арқылы суреттеу. Көркемөнердің мақсаты дүниені танып білу және оны нақтылы өмірлік формада бейнелеу. Бұл күрделі диалект, процесс. Зат бейнесінің оның өзімен ұқсастығы, сәйкестігі туралы пікір маркстік таным теориясының негізгі қағидасы. В.Ленин "...жаратылысты бейнелейтін сана мен санада бейнеленетін жаратылыс арасындағы сәйкестікке" ерекше назар аударады.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Көркемөнер заттар мен құбылыстарды олар өмірді қалай кездессе, сол қалпыны суреттегендей болады, бірақ ол өмірдің дәлме-дәл фото көшірмесі емес. Көркем әдебиет пен өнер болмыстың ішкі сырын, мәнін, даму бағыттарын суреттейді. Оның әдіс жолдары да өмір формаларымен ұқсас келеді. Көркем туындылар зат, сөз, сурет, дыбыс түрінде келеді. Объективтік шындықтың формаларына осылайша еліктеп ұқсау көркем бейненің нақтылы сезімдік түрде көрінуін қамтамасыз етеді.

Абстракционизмді уағыздайтын эстетиканың өкілдері әдебиеттің өмірге сәйкес болуына қарсы. Жазушы өзінің эстетикалық идеалы мен талғамына сай суреттеп отырған өмір шындығын өзінше өндейді. Сондықтан біз көркем бейнеден таныс және бейтаныс адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін көреміз. Осындай эстет, сұрыптаудың нәтижесінде жасалған бейне оқушы санасын билеп, оның көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

Көрермен қауымға осылайша әсер еткен көркем туынды олардың күнделікті іс-әрекеті, практикалық қызметі арқылы қоғамдык және табиғи болмысты қайта жаңғыртып, ілгері дамытады. Бұл көркем бейнелеудің творчестволық өмірді өзгертушілік сипатынын айқын айғағы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}