Бейбіт Бисекешов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейбіт Бисекешев(2.2.1961, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылырадиотехник, кәсіпкер, Рязань радиотехника институтын бітірген (1988 жыл)<ref>"Қазақ телевизисы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>. Еңбек жолын "Байқоныр" ғарыш кемесінде "БоранЭнергия" жобасы бойынша бастап (1988-90) 1990-93 жылдары Новгород қаласындағы "Квант" бейүкіметтік ұйымында РФ Қорғаныс министрлігінің жабық тақырыбы бойынша жұмыс істеген.

1994 жылы негізінен Интранет-интернет жүйесі базасында ақпараттық жүйе, корпоративті желі қалыптастырумен айналысатын "Күшпен Телеком" компаниясын құрып, жетекшілік етіп келеді. 1998 жылы компанияда тұңғыш рет қазақ қаріптерін айырып тану бағдарламасы жасалды.

1999 жылы электронды құжат айналымы жүйесі қалыптасып, ол ҚР Президент Әкімшілігінде және ҚР Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінде қазақ тілінде енгізілді. Бейбіт басқарған ұжым бірнеше шетелдік беделді компаниялармен әріптестік байланыс орнатқан.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}