Бейбарыс Қабылан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Бейбарыс Қабылан — қазақстандық таеквондошы, 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионы (2025), III ТМД елдері ойындарының жеңімпазы. Ол Қазақстан тарихында таеквондодан жастар арасында (U-21) алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы.<ref name="Kursiv">Үлгі:Cite web</ref>

Спорттық мансабы

2025 жылғы жетістіктері

III ТМД елдері ойындары
2025 жылдың қыркүйек айында Әзірбайжанның Мингечевир қаласында өткен III ТМД елдері ойындарында Бейбарыс Қабылан 87 келіден жоғары салмақта сынға түсті. Ол осы жарыста топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. Бейбарыс пен тағы бір қазақстандық Жавохирхон Исламов Қазақстан таеквондо құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальдарды салған спортшылар атанды.<ref name="GovKZ">Үлгі:Cite web</ref><ref name="KazGazeta">Үлгі:Cite web</ref>

Әлем чемпионаты (Уси)
2025 жылы қазан айында Қытайдың Уси қаласында өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты. 1/16 финалда Бейбарыс сенсация жасап, 2022 жылғы әлем чемпионы және екі дүркін әлем біріншілігінің жүлдегері мексикалық Карлос Сансоресті 2:0 есебімен ұтты. Алайда ширек финалда АҚШ спортшысы Джонатан Хилиге 0:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.<ref name="SportOrda">Үлгі:Cite web</ref>

U-21 Әлем чемпионаты (Найроби)
2025 жылдың желтоқсан айында Кения астанасы Найробиде өткен жастар арасындағы (U-21) әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Финалға дейін Үндістан, Түркия және Иран спортшыларын жеңген ол, ақтық сында Оңтүстік Корея өкілі Ян Чжунённан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.<ref name="BAQ">Үлгі:Cite web</ref>

Мемлекеттік қолдау және марапаттар

Бейбарыс Қабыланның Кениядағы тарихи жеңісінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны арнайы құттықтады<ref name="Kursiv" />. Ақорданың құттықтау хатында: Үлгі:Дәйексөз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер