Бақыт Қайруловна Мусина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Бақыт Қайруловна Мусина (27 қараша 1956, Торғай, Ерейментау ауданы4 қыркүйек 2023, Астана) — Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, физика пәнінің құрметті мұғалімі.<ref name=":0">Ұстаз жолы - Ұлық жол//МУСИНА Б.Қ.</ref>

Бақыт Қайруловнаның физика пәнін оқыту әдістемесі КСРО-дағы үздік деп танылған. Қазіргі кезде де, оның әдістемесі біліктілік арттыру институттарында іс-тәжірибе ретінде таратылады.<ref name=":0" />

Өмірбаяны

Мусина Бақыт Қайруловна 1956 жылғы 27 қараша күні Ақмола облысының, Ерейментау ауданындағы Торғай ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Торғай орта мектебін бітіріп, Целиноградтың мемлекеттік педагогика институтына оқуға түсті. Аталған оқу орның 1980 жылы бітіріп, өз еңбек жолын бастайды.<ref name=":1">Тарихтағы ұлы іс - Мусина Бақыт Қайруловна</ref>

  • 1981 жылдан 2000 жылға дейін Ерейментау аудандық оқу-ағарту министрлігінде жұмыс істеген.
  • 2001–2006 жылдары Астана қаласының №27 мектебінің физика пәнінің мұғалім комитетінің төрағасы.
  • 2006–2023 жылдары Астана қаласының №54 мектебінің физика пәнінің мұғалімі.
  • 2009–2023 жылдары сол мектептегі физика пәнінің мұғалім комитетінің төрағасы.

Өлімі

Бақыт Қайруловна 2023 жылғы 4 қыркүйек күні кенеттен Астана қаласында қайтыс болды.

Еңбектері

  • 1989 – «Ұстаз жолы – ұлық жол»
  • 2001 – «Тарихтағы ұлы іс»

Марапаттары

  • 1990 – Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері;
  • 2011 — Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі.<ref name=":1" />

Естелік

Бақыт Қайруловна атына Астана қаласының №54 мектептегі №109 кабинеті ие.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер