Бақыт Мүрсәлімқызы Мәженова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мәліметті жаңалау керек Бақыт Мүрсәлімқызы Мәженова (9 қараша 1959 жыл Алматы қаласында туған) - «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ бас директоры. Экономика ғылымдарының кандидаты (1986).

  • 1980 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист.
  • 1985-93 жж - ҚазМБА доценті.
  • 1993-98 жж. ҚР Ұлттық банкінің халықаралық қатынастар басқармасының бастығы.
  • 1998-99 жж. – Орталық Азия банкі төрағасының орынбасары, қазынашылық департаментінің директоры.
  • 1999-2002 жж. - ҚР Ұлттық банкінің валюталық реттеу және бақылау басқармасының бастығы.
  • 2002 жылдан - «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ бас директоры.

Марапаттары

  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2005).

Көзқарастары

  • Жұмыстагы негізгі ұстанымы: «Барлық істі адал атқару».
  • Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Адалдық, жауапкершілік, көргенділік».
  • Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазақстанда қаржы секторының түрлі аясының табысты дамуының негізі қаланған. Сонымен бірге, қаржы нарығын дамыған және бәсекеге қабілетті деп бағалау әлі ерте. Заңнаманы, қаржы институттарын реттеу әдістерін одан әрі жетілдіру қажет. Қаржы секторының табысты дамуының келесі маңызды шарты тәуекелдерді басқарудың ішкі рәсімдері жүйесін дамыту жолымен қаржы институттарының менеджменті деңгейін арттыру болып табылады».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}