Бақыт Кәрібаева
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақыт Кәрібаева (2.11.1943 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – ақын, филолология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-ды (1965, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1973) бітірген.
- (1965-66) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы орта мектебінде мұғалім,
- (1967–70) Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында кітапханашы, (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), аға оқытушы, доцент,
- (1975) профессор қызметтерін атқарды.
Еңбектері
Кәрібаева бірнеше ғылыми-зерттеулер мен кітаптардың
- «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Астана, 1988;
- «Қара өлең мен лирика», Астана, 2001;
- «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары», Астана, 2001).<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>