Бақыт Исайынқызы Садықова
Бақыт Исайынқызы Садықова (19 желтоқсан 1945, Май ауылы, Май ауданы, Павлодар облысы) — көрнекті шоқайтанушы ғалым, тарихшы, дипломат, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы<ref>https://abai.kz/post/11461</ref>. Мұстафа Шоқайдың жеке бұйымдары мен фотосуреттерін сақтап келген зерттеуші.<ref>https://kazpravda.kz/n/politik-mirovogo-masshtaba/</ref><ref>https://egemen.kz/article/403519-mustafa-shoqaydynh-buryn-dgariyalanbaghan-fotosuretteri-tabyldy</ref><ref>https://e-history.kz/kz/news/show/50001079</ref>
1921-1941 жылдары Шоқай қолданған мөрді зайыбы Мария Әлім Алматқа аманаттаған. Ол Түркияда 40 жыл сақтап, 1997 жылы Бақыт Садықоваға табыстаған. 2023 жылы бұл мөр Астана қаласындағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназияның мұражайына табысталып, сол жерде сақталған.<ref>https://sn.kz/sn-gylym-bilim/102174-astanadagy-mekteptin-murazhaiyna-mustafa-shokaidyn-ush-mori-tabys-etildi</ref>
Еңбектері
- Түркістан ұлттық бірлігі (TÜRKİSTAN MİLLİ BİRLİĞİ, 2016)<ref>https://qazaqtimes.com/article/7706</ref>;
- Мұстафа Шоқай эмиграцияда (Мустафа Чокай в эмиграции, 2011)<ref>https://mylibrary.kz/istorija/mustafa-chokaj-v-jemigracii-bahyt-sadykova/</ref>;
- История Туркестанского легиона в документах и фактах (2002)<ref>https://kazneb.kz/ru/catalogue/view/128852</ref>
- Мұстафа Шоқай (Мустафа Чокай, 2004);
- Mustafa Tchokay dans le mouvement prométhéen (француз тіліндегі кітабы, 2007);
- Мария Шоқай естеліктері. Я пишу вам из Ножана (аударма, 2001).