Бақыт Ахметқызы Сыздықова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бақыт Ахметқызы Сыздықова.JPG
Бақыт Ахметқызы Сыздықова

Бақыт Ахметқызы Сыздықова (8 сәуір, 1974 жыл, Астана қаласында туған) - қоғам және мемлекет қайраткері.

Отбасы

  • Әкесі - Сыздықов Ахмет Қимашұлы, марқұм.
  • Анасы - Сыздықова Шайза Шаймерденқызы, зейнеткер.

Өмірбаяны

  • С. Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетін бітірген (1996), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
  • Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің профессоры (Семей қаласы, 2009 жылдан).
  • 1996 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жастар мәселесі комитетінің төрағасы, педагогика пәнінің оқытушысы.
  • 1998-2001 жылдары - «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қозғалысы кеңесінің төрағасы (Алматы).
  • 2001-2006 жылдары - «Ақбота» балалар қоғамдық қорының атқарушы директоры (Астана қаласы).
  • 2002-2006 жылдары - ҚР балалар қоры кеңесінің атқарушы хатшысы.
  • 2007 жылдан ҚР БГМ Балаларды қорғау комитетінің төрағасы.
  • 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Қоғамдық қызметі

  • 1998-2003 жылдары - Жастар парламенті, астаналық КВН лигасы, Еуразиялық эксперименталдық институттың, «Бірлік» жастар қозғалысының, астаналық жастар ұйымдары ассоциациясының, Астана, ҚР КВН құрама командасының, КВН республикалық лигасының, Қазақстан скауттар қозғалысы ұйымы филиалын ұйымдастырушылардың бірі, Астана қаласы жастар сайлауалды штабының және ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау бойынша «Біз кімді таңдайтынымызды білеміз!» астаналық акциясының жетекшісі.
  • 1999-2006 жылдары - Астана қаласы әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы.
  • Астана қалалық мәслихатының депутаты (1999-2007).
  • «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан)
  • «Молодежный Мажилис» («Жастар мәжілісі» АҚ төрағасы) (2007 жылдан);
  • Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі (2000-2007);
  • «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ШК Орталық кеңесінің мүшесі (2008 жылдан);
  • ҚР Президенті жанындағы жастар мәселесі жөніндегі кеңестің мүшесі (2008 жылдан)

Жетістіктері

  • «Студент көктемі - 1992» 1-ші республикалық фестивалінің лауреаты.
  • «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Ерен еңбегі үшін» (2002)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • Ы. Алтынсарин атындағы (2007)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
  • «Қазақстан Республикасында балалардың жағдайын жақсартуға және олардың құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін» (2004) естелік белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер