Бақытжан Садықұлы Орманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Садықұлы Орманов (25.3.1953, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Байжансай ауылы – 21.3.2001, Астана қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).

Оқу жолы

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының (1982, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) аспирантурасын бітірген.

Жұмыс жолы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық ауруханасында хирург (1976–1978), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында доцент (1988); 1998 жылдан Ақмола мемлекеттік медицина академиясында профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектер

  • «Спаечная болезнь (профилактика, диагностика и лечение)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
  • 60-қа жуық ғылыми жарияланымның авторы.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}