Бақытжан Ошақбайұлы Тобаяқ
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бақытжан Ошақбайұлы Тобаяқ (21.4.1953 жылы туған, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), КСРО өнертапқышы (1986), Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері (2003).
Білімі
- 1973 жылы ҚазПТИ-ді бітірген.
- 1993 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
- Ш.Шокин атындағы Энергетика ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы
- Еңбек жолын Өскемен жылу энергетикалық орталығында жөндеуші ретінде бастаған.
- Кейін республикалық «Қазтехэнерго» кәсіпорнында (1973) инженер.
- Энергетика министрлігінде инженер
- Ташкент көлік қатынасы инженерлік институтының филиалында оқытушы
- Қазақтың Энергетика ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкер (1976-86) болды.
- 1986-99 жылдар аралығында баспа орындарында «Қазақ энциклопедиясы», «Зерде», «Қаржы-қаражат» журналында, «Халық Кеңесі» газетінде, ҚазАқпарат-та, «Хабар» агенттігінде, т.б. әр түрлі жауапты қызметтер атқарды.
- Қазір ұлттық «KEGOC» энергетикалық компаниясында бөлім бастығы.
Еңбектері
- «Бостан» (1994)
- «Темірқазық» (1999)
- «Сонар» (1999)
- «Металдар құпиясы» (1997)
- «Егемен елдің экономикасы» (1995)
- «Адамзат тірлікті дәулет білмек...» (2000)
- «Құланиек» (2000)
- «Алматы көшелері» (2001), т.б. өлең жинақтары мен ғылыми-танымдық кітаптары жарық көрген.
Маврапаттары
- КСРО өнертапқыштары белгісі (1986)
- Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2003).
- Кербұлақ ауданының құрметті азаматы.<ref>Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.</ref>