Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бақытжан Жұмабекұлы Базарбек (4 маусым 1981 жыл, Жамбыл) — қазақстандық заңгер және саясаткер, 2023 жылғы наурыздан бергі Қазақстан Мәжілісі VIII сайланымының депутаты.

Бірмандатты округтан Мәжіліс депутаты болып сайланған Базарбек кейін Мәжіліс Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі атанды.

Ерте жылдары және білімі

Базарбек 1981 жылғы 4 маусымда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Бала кезінде ол Жамбылдың Төле би атындағы №8 мектебін тәмамдаған.<ref name="majilis" />

1998 жылдан Алматыда Базарбек заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясында білім алды да, оқуын 2002 жылы бітірді.<ref name="majilis" /> 2011 жылдан 2013 жылға дейін ол МИБРИС оқу орнында оқып, іскерлік әкімшілік магистрі атанды.<ref name="zakon">Үлгі:Cite web</ref>

Кәсіби, білім беру мансабы

Еңбек жолын Базарбек 2002 жылы Еуразия ұлттық университетінде (ЕҰУ) бастады. Ол жерде ол 2004 жылға дейін мұғалім, ЕҰУ заң институты директорының орынбасары болды.

2004 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін Базарбек Білім және ғылым министрлігінің Білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығындағы әкімшілік-құқықтық бөлімге басшылық етті.<ref name="majilis" />

2004 жылдан 2015 жылға дейін ол Қазақ гуманитарлық заң университетінде аға оқытушы болды. Осы жылдары ол, оған қоса, «Орманды қорғау» ЖШС, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-GLOBAL-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Көліктік сервис орталығы» АҚ сияқты компанияларда жұмыс істеді.<ref name="zakon" />

2015 жылдан 2016 жылға дейін ол Тұран-Астана университетінде аға оқытушы болды. Одан кейін, 2023 жылғы 27 наурызға дейін ол «Bazarbek&Partners» ЖШС-н басқарды және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Алматы филиалының хатшысы болды.<ref name="zakon" />

Түрлі жылдары Базарбек Алматы әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Энергетика мен Ұлттық экономика министрліктерімен, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірге жұмыс істеген.<ref name="zakon" />

Саяси мансабы

Сайлану тарихы

2012 жылғы парламент сайлауында Базарбек өзін Әділет демократиялық партиясының атынан ұсынған болатын, алайда жеңіліп, Мәжіліс депутаттығына қол жеткізе алмады.<ref name="zakon" />

2023 жылы Базарбек өзін бірмандатты округтан Мәжіліс депутаттығына ұсынды. Сайлауда жеңіске жеткен ол өкілеттігін 2023 жылғы 29 наурызда бастады.

Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты ретінде Базарбек елдегі қылмыс, су,<ref>Үлгі:Cite web</ref> жер мен сыбайлас жемқорлық<ref name="keteme" /> сияқты мәселелеріне көңіл бөлген.

Базарбек Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» саясатын қолдайды.<ref name="keteme">Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

Базарбектің марапаттары қатарында:

Өз өмірі

Базарбек Адель Әділоваға үйленген,<ref name="zakon" /> олардың екі баласы бар.<ref name="majilis" /> Базарбек қазақ, орыс пен ағылшын тілдерін меңгерген.<ref name="zakon" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер