Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов.JPG
Б. Байсейітов
Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов (14 мамыр 1958, Алматы) - қазақ қаржыгері, "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамының негізгі акционері мен директорлар кеңесінің төрағасы.
Білімі
- 1979 жылы Мәскеу қаржы институтын тәмамдады.
- 1981 жылы - АХШИ (Алматы халық шаруашылығы институты) бітірген. Мамандығы - қаржы және несие.
- 1986 жылы - АХШИ аспирантурасын аяқтады.
- 1987 жылы - Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.<ref>«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017</ref>
- 1979-80 жж. - Апматы облысы Мемлекеттік банкі кеңсесінің экономисі.
- 1981-88 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің аға экономисі, басқарма бастығының орынбасары.
- 1988 ж. - КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі Қазақ республикалық банкінің басқарма бастығы.
- 1988-91 жж. - Алматы орталық кооперативтік банкінің Басқарма төрағасы.
- 1991-93 жж. - «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің (ҚОАБ) Басқарма төрағасы.
- 1993 жылдан - «Центрбанк» ҚОАБ (1997 жылдан - «Банк ЦентрКредит» АҚ) Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы.
- «Қазақстан Интернационалдық банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы (1993-2003).
- 1991 жылы - «Атамекен» қаржы-инвестициялық корпорациясының президенті
- 1997 жылдан - «Атамекен» ҚӨТ Басқарма төрағасы;
- «ТұранӘлем Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1998-2003).
Қоғамдық қызметі
- КСРО коммерциялық банктерінің қауымдастығы Төралқасының мүшесі (1989-1992)
- Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті (1992-96)
- Америкалық-Қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы (1993-1996)
- 1996 жылдан - ҚР Банктер қауымдастығының президенті.
- 1999 жылдан - «Отан» РСП Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы.
- ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (2001-03).
- «ВМВ Мunai» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-05).
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
- «Тыңға 50 жыл» медалі;<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
- «Құрмет» ордені;
- «Достастық Жұлдызы» ордендері;
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
- «Астанаға 10 жыл» медалі;
- «Отан» РСП «Белсенді қызметі үшін» белгісімен марапатталған.
Көзқарастары
- Діни көзқарасы: «Дінге философиялық көзқараста».
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Интеграция және бірізді даму».
- Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Лена Әділханқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 14 мамырда туғандар
- Қазақстан қаржыгерлері
- 1958 жылы туғандар
- Қазақстан миллиардерлері
- Алматыда туғандар
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Құрмет орденінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері