Бақтыбек Таубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев (1942 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында туған) — ауыл-шаруашылығы ғылым докторы (2005), профессор (2006). Қазақ мемлекеттік Агро шаруашылық институтын (1964, қазіргі қазақ ұлттық Аграрлық Университетін) бітірген. Атырау облысы Агро шаруашылық тәжірибе станциясында бөлім меңгерушісі, лаборатория директоры (1964- 1969 ж.ж), Атырау облыстық Партия комитетінің қызметкері, Балықшы, Махамбет, Индер аудандары халық депутаттары атқару комитеттерінде төраға, бірінші хатшы, облыстық Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық Агроөндірістік кешен төрағасы қызметтерін атқарды (1969- 1992). Қазақ жемшөп өндіру және жайылым ғылыми- зерттеу Институтының Батыс аймақтық және биоресурстар бірлестігінің директоры, төрағасы (1992- 2002), Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі міндеттерін қоса атқарған. Осы оқу орнында проректор (2002-2006) болды. 2006 жылдан бастап декан қызметін атқарды. «Еділ- Жайық аралығындағы табиғи жайылымдардың өнімділігін арттыру бағытында топырақты негізгі өңдеу әдістері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми Жарияланым мен 3 монографияның авторы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1976).<ref>"Қазақстан энциклопедиясы", 2002 жыл,"Атамұра" баспасы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер