Бақан мініп мал бауыздау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақан мініп мал бауыздау - дәстүрлі ортаның көне дүниетанымдық ұстанымдарға және өсіп-өну магиясы мен ер азаматты пір тұтуға байланысты қалыптасқан ғұрпы. Үйде еркек кіндікті болмаған жағдайда, әйел адамның бақанға мініп тұрып мал бауыздау үрдісінің атауы. Мал бауыздау қазақ әйелі үшін әбес іс, ер азаматтың жолына, қолына таласқандық болып саналады. Осы тыйымнан аса алмайтын әйел аса бір мұқтаждық туындағанда, «бисмиллә» деп бақанды мініп тұрып, малды бауыздай беретін болған. Мұндай жолмен сойылған мал да адал деп танылып, әйел де кінәлі болып табылмайды. Егер үйде ер адам атаулыдан төрт-бес жастағы ұл ғана болса, оның қолына пышақты ұстатып, оның қолының сыртынан өзі (әйел) ұстап ырымын жасап, малды әйел адамның бауыздауына болады. Мұндай жағдайлар көбінесе жаугершілік, қуғын-сүргін, соғыс кездерінде орын алған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақан мініп мал бауыздау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}