Бақанаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақанаттар — ежелгі әдет-ғұрып, кәде. Қалыңдықты көруге барған күйеу жігіттің алдына қыздың жеңгелері бақанды көлденең тастап, жолын бөгейді. Қазақ ырымында бақанды аттамайды, өйткені, ол шаңырақты көтеруге арналған қасиетті құрал болып есептеледі. Сондықтан күйеу жігіт “бақанаттар” кәдесін береді. Сонда ғана жеңгелері бақанды жерден алып, жол ашады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Бұл ғұрыпты кіші тойда, яғни күйеу есік аша келгенде жасайды<ref>Ибрагимов И. Этнографические очерки киргизского народа // PT. Сборник изданный по поводу политехнической выставки. Вып.2. M., 1872</ref>. Күйеу баланың келетінін білген жеңгелер киіз үй есігінің алдына бақан тастайды, бақанды аттауға болмайтынын жақсы білетін күйеу жігіт жеңгелеріне бақанаттар кәдесін беріп, бақанды алдыртып, сонан соң ғана «бисмиллә» деп табалдырықты аттайды<ref>Кустанаев X. Этнографические очерки Перовского и Казалинского уездов. Ташкент, 1894</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақанаттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}