Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаев (29 сәуір 1951 жыл Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Дубинка кенті) - Қамысты ауданының әкімі (1998-2008).
Өмірбаяны
- Целиноград ауыл шаруашылығы институты Қостанай филиалының агрономия факультетін бітірген (1974), ғалым-агроном.
- 1967 жылдың қаңтарынан тамызына дейін - Қостанай облысы Урицкий ауданының «Севастополь» кеңшарында
түрлі жұмыстарды атқарушы.
- 1969 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институты Қостанай филиалының студенті.
- 1974 жылдың қаңтарынан - «Севастополь» көңшарының бөлімше агрономы.
- 1974 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1975 жылдан - «Севастополь» кеңшарының бөлімше агрономы.
- 1978 жылдан - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас агрономы.
- 1986 жылдан - Қостанай облысы Жітіқара ауданының Львов ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының директоры.
- 1997 жылдың шілдесінен - Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы.
- 1997 жылдың қыркүйегінен - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің бірінші орынбасары - Жітіқара аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы.
- 1998 жылдың тамызынан - «Львов тәжірибе стансасы» РҚМК директоры.
- 1998 жылдың қазанынан - Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі.
- 2008 жылдың қаңтарынан - «Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылық департаменті» MM директоры.
- 2009 жылдан бері - Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі - төрағасының орынбасары.
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (2004);
- «Еңбектегі озаттығы үшін» (1981)
- «Астана»
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Тыңға 50 жыл» (2004)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
Отбасы
- Әкесі - Дәндібаев Әлімбай Дәндібайұлы, марқұм. Анасы - Дәндібаева Ләззат Құсайынқызы, марқұм.
- Үйленген. Жұбайы - Дәндібаева Элина Ыбырайқызы (1956 ж. т.), үй шаруасында.
- Қыздары - Дәндібаева Ләззат Бағытұрқызы (1978 ж. т.), Дәндібаева Гүлнәр Бағытұрқызы (1981 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub