Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев (1975 жылы, 20 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген) – Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары<ref>Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы</ref>, заң ғылымының докторы (2002-жыл).

Өмірбаяны

1996-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1998-жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет Академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірген.

1998-жылдан 2002-жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы.

2002-жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаментінің директоры.

2002-жылдың мамыр айынан 2003-жылдың қыркүйек айына дейін «Казахстанская правда» Республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003-жылдың қыркүйек айынан 2004-жылдың желтоқсан айына дейін «Заң» акционерлік компаниясының президенті.

2004-жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі.

2008-жылдың қазан айынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы.

2008-жылдың желтоқсан айынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2009-жылдың маусым айынан 2011-жылдың қазан айында дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2011-жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Үйленген, екі баласы бар.

Марапаттары

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс грамотасымен марапатталған, ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1998)

Еңбектері

Қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 4 ғылыми монографияның, 150-ден астам ғылыми және публицистикалық мақаланың, сонымен қатар бірқатар көркем әңгімелердің авторы. Көптеген телевизиялық жобалардың, деректі фильмдердің жетекшісі, сценарийлерінің авторы.

Ғылымы қызығушылығы

Cаясаттану компаративистикасы, мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық.

Дереккөздер

<references/>