Бағдат Кәрібозұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Бағдат Кәрібозұлы (18 мамыр, 1956 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек елді мекенінде дүниеге келген) — жазушы, филология ғылымдарының докторы, «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор.
Білімі
- 1979 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
Еңбек жолы
- 1979—1984 жылдары осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды.
- 1985—1988 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.
- 1988 жылы «Қазақ совет лирикасының жанрлық сипаты» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
- 1988 — 1994 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент қызметін атқара жүріп, Қазақ филологиясы және тарих факультетінің деканы болды.
- 1994—1997 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҮУ-дың докторантурасында оқып, «Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 2000 — 2002 жылдары филология, тарих және өнер институтының директоры
- 2002 — 2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде проректор қызметін атқарған.
- Қазір «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Шығармалары
- «Қазақ совет лирикалық поэзиясының жанрлық спецификасы» (А, 1989, 3 б.т.)
- «Қайран сөз» (А, 1997, 8 б.т.).
- «Сырлы сөз сипаты» (А, 1997, 18 б.т.)
- «Өркениетке өріс» (Қызылорда, 2001, 10 б.т.)
- «Беталыс» (А, 2005, 14 б.т.)
- «Ынсап» (А, 2006, 17 б.т.)
- «Дидар» (А, 2007, 10 б.т.)
- «Ыждағат» (Астана, 2009 ж. 22б.т.)
- «Ырыс» (Астана, 2009 ж. 18 б.т.)
- «Ераға» (А.2010, 20 б.т.)
- «Сырдария» (Астана, «Фолиант», 2011, 17 б.т.)
- «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» (Алматы: «Інжу-Маржан», 2012. – 404 б.)
- «Қазалы», (Астана, «Фолиант», 2013, 19 б.т.)
- «Қызылорда» (Астана: «Фолиант», 2015, 19 б.т.)
- «Жаңақорған» (Астана: «Фолиант», 2015, 19 б.т.)
- «Отан үшін от кешкендер» (Астана: «Фолиант», 2015, 14 б.т.).
Жеке өмірі
- Жұбайы Касенова Салтанат Қызылорда қаласындағы «Күнікей» балабақшасының меңгерушісі
- Үлкен қызы Айнұр Лондонда Қазақстан Республикасы Елшілігінде 1 хатшы
- кіші қызы Бағнұр Н.Назарбаев атындағы университеттің алғашқы түлегі, қазір Лондон экономика және әлеуметтік ғылымдар университетінің магистранты
- Бегімана, Інжу, Аянат есімді 3 немересі бар.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» (1995 ж)
- «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006 ж)
- Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2006 ж)
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2007 ж)
- Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2008 ж).
- «Құрмет» ордені (2009 ж)
- «Үздік оқытушы» ҚР бойынша (2012 ж)
- «Ел ардақтысы» медалі (2013 ж)
- «Элита» медалі (2013 ж)
- «Үздік оқытушы» университет бойынша (2013 ж)
- Қазақстан Республикасының Президентінің «Алғыс хаты» (2015 ж)
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2015 ж).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>