Бағдат Байшалұлы Әлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Бағдат Байшалұлы Әлиев (10 қазан, 1958 жыл, Алматы облысы Жамбыл ауданының Рославль ауылында туған) - Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.

Өмірбаяны

  • Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген (1986), ғалым- агроном.
  • 1975 жылдың тамызынан - Дегерес жылқы зауытының аға шопаны (Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес ауылы).
  • 1977 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1979 жылдың мамырынан - Дегерес аулының бастауыш комсомол ұйымының хатшысы.
  • 1984 жылдың қарашасынан - Алматы облысы Жамбыл аудандық комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1985 жылдың қарашасынан - Дегерес жылқы зауытының агрономы.
  • 1988 жылдың сәуірінен - Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғылыми ұйымдастырушысы (Алматы облысы Қаскелең ауданының КИЗ ауылы).
  • 1991 жылдың ақпанынан - Дегерес жылқы зауытының бастауыш партия ұйымының хатшысы.
  • 1991 жылдың маусымынан - Халық депутаттары аудандық кеңесінің аға референті, аппарат жетекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі.
  • 1992 жылдың мамырынан - Алматы облысы Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.
  • 1994 жылдың қаңтарынан - «Ақтерек» қой шаруашылығының директоры.
  • 1996 жылдың мамырынан - Алматы облысы Жамбыл аудандық жер комитетінің төрағасы.
  • 1998 жылдың маусымынан - «Сұңқар» АШӨК төрағасы.
  • 2002 жылдың желтоқсанынан - Алматы облысының әкімі аппаратының еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2003 жылдың қаңтарынан - Алматы облысы Жамбыл ауданының «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
  • 2004 жылдың қарашасынан - Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.
  • 2009 жылдың сәуірінен бері - Алматы облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының бастығы.

Қоғамдық қызметі

Жамбыл аудандық мәслихатының 3-ші және 4-ші шақырылым депутаты (2004, 2006).

Марапаттары

  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»
  • «Астанаға 10 жыл» медальдарымен;
  • белсенді қызметі үшін «Нұр Отан» ХДП төс белгісімен марапатталған.
  • ҚР Президентінің алғыс хатымен ескерліген.

Отбасы

  • Әкесі - Әлиев Байшал (1900-1996). Анасы - Әлиева Сара (1913-2000).
  • Үйленген. Жұбайы - Әлиева Гүлмира Етекбайқызы, Алматы облысы Жамбыл ауданының Бердіқұлов атындағы ОМ мұғалімі. * Қыздары - Советбекова (Әлиева) Айсұлу, Әлиева Самал, Әлиева Назым;
  • Ұлы - Әлиев Ділмұхамед.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub